Бас жаңалықтар
Қызылордада "Әлемнің Абайы" атты онлайн байқау мәресіне жетті
02 Маусым 2020, 16:56 132

Қызылордада "Әлемнің Абайы" атты онлайн байқау мәресіне жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 маусым балаларды қорғау күні мен Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай, Nur Otan партиясының "Кедергісіз келешек", "Бақытты отбасы" жобалары аясында үйден оқытылатын 4-7 сынып оқушылары арысындағы "Әлемнің Абайы" атты онлайн көркемсөз оқу байқауы өз мәресіне жетті.

Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалы мен облыстық Білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырылған байқауға үйден оқытылатын 20 бүлдіршін өтінім беріп, олар 2 кезең бойынша сынға түсті.

1-кезеңде балалар Абай өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқып, 1 минуттық бейнеролик түсіріп жолдады.

2-кезеңде олар ZOOM бағдарламасы арқылы қосылып, Абай шығармалары мен өмір жолынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Онлайн өткен байқау барысында балғындар қойылған сауалдарға жылдам әрі нақты жауап беріп, Абай аталарының шығармалары мен өмір жолынан жан-жақты хабардар екенін байқатты.

Балғындарды партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова мен облыстық Білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова балғындарды мерекемен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Құрметті балалар, Сіздер, тәуелсіз елде өсіп келе жатқан бақытты ұрпақсыңдар. Сіздердің бақытты өмір сүрулеріңіз үшін біздің елімізде барлық жағдай жасалған. Ата-аналарыңыз да Сіздердің білімді, білікті азамат болып қалыптасуларыңызға барлық күш-жігерін жұмсап жатыр. Мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге баянды өмір, бақытты балалық шақ тілеймін, - деді Ақмарал Әлназарова.

Өз кезегінде балғындарды құттықтаған Ақзира Қасымова мүмкіндігі шекетулі балаларды әлеуметтендіру - тек отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның да проблемасы екенін, Nur Otan партиясы инклюзивті білім беруді кеңейту, балаларды әлеуметтендіру және кедергісіз орта құру үшін үлкен жұмыстар жасап жатқанын айтты. Сондай-ақ ол бүгінгі ұйымдастырылған іс-шараны соның бір көрінісі деп білетінін жеткізді және партия филиалы басшылығына ата-аналар мен балалардың атынан шынайы ризашылығын білдірді.

Байқауға қатысушы балғындардың барлығы арнайы алғыс хатпен, бағалы сыйлықтармен (планшет) марапатталды. Байқау онлайн түрде өткендіктен сыйлықтар балғындардың үйлеріне жеткізіліп берілді.

Атап өту керек, жалпы өңірде 1187 бала үйден оқытылады. Олардың 469-ы Қызылорда қаласында. 4-7 сыныптарда оқитындарының саны жүзге жуық.


Фото: дереккөз
Загрузка...