Бас жаңалықтар
Қызылордада көлік аялдамадағы адамдарды басып кетті
21 Қараша 2019, 13:30 4210

Қызылордада көлік аялдамадағы адамдарды басып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада көлік автобус аялдамасында тұрған адамдарды басып кетті. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

21 қараша күні сағат 09:15-те Қызылордада Назарбаев даңғылында Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі Mercedes-Benz көлігімен соқтығысып, рөлге ие бола алмай қалып, аялдамада тұрған адамдарды барып қаққан. Алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында үш адам қаза болды, екеуін ауруханаға алып кетті - делінген хабарламада.

Автокөлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптамалар тағайындалды. Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-тармағы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша тергеу амалдары басталды.




Фото: дереккөз
Загрузка...