Қызылордада инновациялық идеялар байқауы өтті

24 Қыркүйек 2019, 03:10
1768
Бөлісу:
Қызылордада инновациялық идеялар байқауы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласында  «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты республикалық инновациялық идеялардың байқауының облыстық кезеңі өтті.Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш байқау Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Сананың ашықтығы» базалық бағыты аясында қолға алынып отыр.

Оны Қызылорда облысы білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы ұйымдастырды. Инновациялық идеялар байқауы Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан Жастар орталығының мәжіліс залында өткізілді. Шараның негізгі мақсаты - оқушыларды ғылым мен техниканың өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсетіп, олардың шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру.

«Байқауға қатысушылар автокөлік, өндіріс, ауыл шаруашылығы, әскери техника, су көлігі, құрылыс, жылу-электр энергетикасы, авиация және космонавтика бағыттарындағы жобаларын таныстырды. Білім алушыларды өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тартып, талантты балаларға қолдау көрсету мақсатында өткен байқауға аудандық, қалалық білім бөлімдерінен және облыстық мекемелерден 70 оқушы қатысты», - дәп мәлім етті «Рухани жаңғыру» орталығының мамандары.

Жеңімпаздар облыстық білім басқармасының дипломдары және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Облыстық кезең жеңімпаздары 30-31 қазанда Алматы облысының орталығы - Талдықорған қаласында өтетін қорытынды кезеңге жолдама алды.

 

Өзгелердің жаңалығы