Қызылордада екі бала дарияға батып кетті

12 Тамыз 2020, 02:38
1445
Бөлісу:
Қызылордада екі бала дарияға батып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында 10 және 13 жастағы екі бала Сырдария өзеніне батып кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 11 тамызда сағат 19.10-де Сырдария ауданы аумағындағы Қараөзек стансасы маңындағы дария бойында болған. Облыс орталығында тұратын екі бала белгіленбеген аумақта суға түскен.

Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері 2 техникамен іздестіру шарасын бастап кетті. Әзірге олардың мәйіті табылған жоқ. Бұл жерде полицейлер де қызметін атқарды, - деп мәлім етті облыстық ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.


Өзгелердің жаңалығы