Қызылордада «Денсаулық фестивалі» өтеді

12 Қыркүйек 2019, 07:53
2072
Бөлісу:
Қызылордада «Денсаулық фестивалі» өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 қыркүйекте қалалық мәдени және демалыс паркінде дәстүрлі «Денсаулық фестивалі» өтеді, деп хабарлады Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми сайтында.

Шара барысында, медициналық қалашық (УЗИ, ЭКГ, флюро автокөлігі, глюкометр аппараттарының қызметі, қан қысымын анықтау, салмақ өлшеу, дәрігерлер кеңесі), «Денсаулық жәрмеңкесі» (салауатты және пайдалы тағамдар, денсаулыққа пайдалы тауарларының сатылым көрмесі) жүргізіледі.

«Қозғалыс бұл денсаулық!» ұранымен халық арасында спорттық жарыстар (арқан тарту, қол күрес, гір тасын көтеру), йога жаттығулары, көпшілікке арналған көңілді концерттік номерлер орындалады.

Фестиваль жеңімпаздары түрлі номинациялармен марапатталады.

 

Өзгелердің жаңалығы