Қызылордада 47 градус ыстық болады

2 Маусым 2020, 17:20
2188
Бөлісу:
Қызылордада 47 градус ыстық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады.

3-4 маусым күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде 47 градус қатты ыстық болады. Оңтүстіктен және оңтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан жел соғады. Жел қарқыны - 15-20 м/с. 35-37 градус аптап ыстық болады. 

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

3-4 маусымда Алматы облысында 35-38 градус аптап ыстық сақталады.


Өзгелердің жаңалығы