Қызылорда-Жезқазған трассасы бойынан 600 орындық мектеп бой көтереді

1 Шілде 2020, 03:46
2242
Бөлісу:
Қызылорда-Жезқазған трассасы бойынан 600 орындық мектеп бой көтереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында шаһардағы бірқатар саябақ қайта жаңғыртылып, абаттандырылады. Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шаһардағы 200-ден аса көшеге орташа, күрделі жөндеу, тас төсеу, 68 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу, 30 ойын алаңы мен 70 аялдама орнату, тозығы жеткен ауызсу және кәріз су желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары қолға алынған.

Биыл Қызылорда-Жезқазған трассасы бойынан 600 орындық мектеп мектеп құрылысы басталады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, 4 білім ұясы және 2 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұған қоса, 3 мәдениет нысаны қайта жаңғыртылмақ.

Жоба аясында жұмыспен қамту орталығына тіркелген 4523 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделуде.

Өзгелердің жаңалығы