Бас жаңалықтар
Қызылорда облысы экс-әкіміне қатысты іс сотқа жіберілді
07 Тамыз 2020, 16:31 347

Қызылорда облысы экс-әкіміне қатысты іс сотқа жіберілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысының бұрынғы әкіміне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров  айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысының бұрынғы әкімі мен облыс әкімдігінің басқа да лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеумен аяқталды. Бұл іс № 2 Қызылорда қалалық сотына жіберілді. Әзірге соңғы ақпарат осы, - деді Данияр Бекайдаров. 
Бұған дейін хабарланғандай, сотқа дейінгі тергеу сәуір айында басталды. Тілшінің сұрағына жауап берген агенттік өкілі ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес және тергеу мүддесі үшін сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейтінін мәлімдеген.

Айта кетейік, Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен (ҚР қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша) үйқамаққа алынған.
Қуанышбек Ысқақов 2019 жылдың маусым айында Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол үш жарым жыл облыс әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген. Орынбасар ретінде экономика, қаржы, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелеріне жетекшілік етті.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...