Қызылордада педофилдікке күдікті қолға түсті

28 Қаңтар 2019, 17:37
3936
Бөлісу:
Қызылордада педофилдікке күдікті қолға түсті
Фото: Күдіктінің фотороботы

Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылордада педофилдікке күдікті қолға түсті .

10-15 күннің шамасында облыс орталығындағы «Ақмешіт» шағын ауданында педофил пайда болғаны туралы ақпарат ата-аналарды үрейлендірді. Олар балаларын өздері мектепке жетектеп апарып жүрді. Тұрғындардың айтуынша, педофил жасөспірім қызды зорлауға әрекеттенген. Абырой болғанда азғын ойын іске асыра алмай, қашып кеткен.

Қала тұрғыны Гүлнар Сәрсенбай қылмыскерді ұстауда қырағылық танытқан полицейлерге ризашылығын білдірді.

«Полицейлер күндіз-түні жұмыс істеп, әр азаматты тергеп-тексерді. Көпке ұзатпай, қылмыскерді ұстады», – дейді ол.

Қызылорда облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Гүлжаһан Қайрбергенованың айтуынша, күдікті 26 қаңтар күні қолға түсті.

«Полицейлер қылмыстың ізін суытпай ашу үшін жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде кәмелетке толмағанды зорлауға оқталған күдіктіні анықтады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қызылорда қаласының тұрғыны», – дейді Гүлжаһан Қайрбергенова.

Баспасөз қызметінің өкілі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес қалған мәліметтер жария етілмейтінін мәлімдеді.

Ибраш Әли

Өзгелердің жаңалығы