Қызметкерлердің сырқат кезіндегі демалысы қанша шығын әкеледі

23 Шілде 2019, 22:35
1914
Бөлісу:
Қызметкерлердің сырқат кезіндегі демалысы қанша шығын әкеледі

Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда медициналық қызмет көрсету көлемі, жалпы алғанда, 306,6 млн теңгені құрады. Оның ішіндегі, 7% немесе 21,4 млн теңге кәсіпорындар қаржысынан төленді. Бұл туралы Anadolu медицина орталығы мәлім етті.

Аталған медициналық орталықтың мәліметінше, адамдардың жұмыста жиі болмауы олардың кәсіби қызметіне кері әсерін тигізіп қана қоймай, сонымен қатар, жұмыс берушіге экономикалық шығын келтіруі мүмкін. 

«2019 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда медициналық қызмет көрсету көлемі, жалпы алғанда, 306,6 млн теңгені құрады. Оның ішіндегі, 7% немесе 21,4 млн теңге кәсіпорындар қаржысынан төленді. Салыстырмалы түрде алсақ, 2018 жылдың осы мерзімінде Қазақстанда медицина қызметтеріне 254,4 млн теңге жұмсалды, оның ішіндегі 6,6%-ды (16,7 млн теңге) кәсіпорындардың қаржысы құрады», - делінген хабарламада.

2019 жылғы бірінші тоқсанда жалпы қызмет көрсететін дәрігерлердің қызметіне 5,7 млн теңге жұмсалған. Сарапшылар егер қызметкерлер медициналық тексеруден тұрақты өтіп жүретін болса, медициналық қызметтерге жұмсалатын қаржыны қысқартуға болады деп есептейді. Өйткені дер кезінде чек-аптан, яғни толық медициналық тексеруден өту қызметкерлер арасындағы сырқатқа байланысты демалысты қысқартуға мүмкіндік береді. 

«Көптеген адамдар сырқаттың алдын алу тек дұрыс тамақтанумен және дене шынықтыратын белсенділікпен шектеледі деп ойлап, қателікке бой алдырады. Шын мәнінде, сырқаттың алдын алу – ол, бірінші кезекте, дәрігерге тұрақты қаралып тұрудан басталады. Медициналық чек-аптан өту үшін, кем дегенде, жылына бір рет уақыт бөлген жөн», - дейді Anadolu медицина орталығының гериатрия және терапевтік медицина профессоры Чаатай Октенли. 

Қазақстанда 2019 жылғы бірінші тоқсанда жалпы қызмет көрсететін дәрігерлердің қызметіне шағын кәсіпорындар жұмсаған шығын көлемі 1,7 млн теңгені, орта кәсіпорындардың шығыны 1,2 млн теңгені, ірі кәсіпорындардың шығыны 2,7 млн теңгені құраған. Денсаулық сақтау саласына жұмсалған шығындар бойынша, аймақтар арасында Атырау (1,4 млн теңге), Шығыс Қазақстан (1,1 млн теңге) және Қарағанды (899 мың теңге) облыстары көш бастап тұр екен. 

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің (ҰЭМ) статитикасы бойынша, Қазақстанда ең кеңінен таралған сырқаттарға тыныс алу органдарының, ішектегі өткір инфекциялардың және  несеп-жыныс жүйесінің аурулары жатады. Дәрігерлер аурулардың алдын алу үшін, медициналық тексерулерден тұрақты өтіп отыру мәдениетін қалыптастыру қажет дегенді алға тартады. Қазір елімізде келесі жағдай қалыптасқан, қазақстандықтардың көпшілігі тек ауру басталғанда немесе ол асқынғанда дәрігердің көмегіне жүгінеді.
Профессор Чаатай Октенли қант диабеті, жүректің ишемиялық ауруы, қатерлі ісіктер гипертониялық аурулар сияқты қауіпті сырқаттардың бірден көзге түсетін белгілері болмайтынын атап өтті. Олардың тиімді емін қамтамасыз ету үшін, кешенді тексерулерден тұрақты өтіп отырған жөн. Сонда паталогияны дер кезінде анықтап, сырқатты дамудың бастапқы кезеңінде емдеп, жазуға болады. 

«Көптеген елдерде, оның ішінде Түркияда, мемлекеттік деңгейде алдын алу диагностикасын дайындауға және оны қолданысқа енгізуге жіті көңіл бөлінуде. Өйткені қазір барлығы экономикалық тұрғыдан, асқынған сырқатты емдеуден гөрі, оның алдын алудың тиімді екенін жақсы түсінеді. Атап айтарлығы, қазір науқастар да өздерінің денсаулығына көбірек назар аудара бастады. Мәселен, жыл өткен сайын чек-аптан өту үшін Орталық Азия елдерінен, оның ішінде, Қазақстаннан, адамдар көптеп келе бастады. Бұл өте дұрыс: көптеген жағдайда диагностикалық бағдарламалар, бір қарағанда, сап-сау көрінетін адамдардың өзінен онкологияны және басқа да қауіпті дертттерді анықтап жатады», - дейді , - деп профессор.



Өзгелердің жаңалығы