Ұйымдасқан экономикалық қылмыс саны рекордтық көрсеткішке жеткен

21 Қыркүйек 2020, 13:12
1373
Бөлісу:
Ұйымдасқан экономикалық қылмыс саны рекордтық көрсеткішке жеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде ұйымдасқан экономикалық қылмыс соңғы бес жылда болмаған көрсеткішке жетті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комиетінің Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының аса маңызды істер бойынша тергеушісі Ерден Жұма мәлім етті. 

Оның айтуынша, тек соңғы сезгіз айда осындай 44 қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ, соңғы сегіз айда 1394 экономикалық қылмыстық іс қозғалды, оның жартысы ауыр және аса ауыр қылмыстар. Нәтижесінде қайтарылған сомма мөлшері 20 пайызға артып, 33 млрд теңгені құрады. 

Бүгінде прокуратура органдары мен Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлескен «Стоп – Обнал» жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Ол көлеңкелі экономикамен күреске бағытталған. Мұндай қылмыстардың алдын алудың маңызы зор. Қаржыны заңсыз шешу нәтижесінде бюджетке миллиардтаған салықтар төленбейді. Көп жағдайда бір күндік фирмалар арқылы заңсыз шешілген  қаржы бюджетке тиесілі болып жатады. Үшіншіден, бұл капиталды шетелге заңсыз шығарудың бір түрі, - дейді ол. 

Қандай да бір қызмет атқармайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің есепшоты арқылы екінші деңгейлі банкттерден қаражатты заңсыз шешкен 60-тан астам ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды. Олар 1200-ден астам бақылаусыз компания құрған. Сол арқылы 2 трлн теңгеден астам ақшаны қолды еткен.


Өзгелердің жаңалығы