Ұйқысыздықтың пайда болуына қандай азық-түліктер әсер етеді

14 Желтоқсан 2019, 18:14
3545
Бөлісу:
Ұйқысыздықтың пайда болуына қандай азық-түліктер әсер етеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Колумбия университеті жанындағы дәрігерлер мен хирургтер коллеждінің зерттеушілері өз тағам рационы туралы айтып берген 50 мыңнан астам әйелдің мәліметтерін зерттеді. Нәтижесінде ғалымдар ұйқысыздықтың пайда болуына әкелетін азық-түліктерді атады. Бұл туралы MedicalXpress сайтында хабарланды.

Зерттеу нәтижесінде тазартылған көмірсуға бай қант, ақ нан және күріш сияқты азық-түліктерді көп тұтыну ұйқысыздыққа әкелетіні анықталды. 

Бұл тағамдар қандағы қант мөлшерін жоғарылататындықтан, ағза оны түсіру үшін инсулин бөледі екен. Бұл адреналин мен кортизол гормондарының көптеп шығарылуына, ал ол өз кезегінде ұйқының бұзылуына әкеледі. 

Ғалымдар көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалануға кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы