Бас жаңалықтар
Юлия Галышева әлем кубогы кезеңінде көш бастады
18 Қаңтар 2019, 15:40 1879

Юлия Галышева әлем кубогы кезеңінде көш бастады

Астана, BAQ.KZ. Фристайл-могулдан Лейк-Плэсидте (АҚШ) өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық спортшы Юлия Галышева топ басында келеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Галышева 75.24 ұпаймен бірінші орында келеді. Олимпиада чемпионы, франциялық Перрин Лафон екінші (75.22), австралиялық Джакара Энтони  (74.21) үшінші сатыда тұр. 

Өкінішке қарай, қазақстандық могулшы Аяулым Әміренова 35-орын иеленіп, іріктеуден өте алмады. 
Ерлер арасында Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхерд финалдық кезеңге қатысу мүмкіндігін иеленді. 

Іріктеу сынында қазақстандық Павел Колмаков Олимпиада чемпионына ғана есе жіберіп, екінші орында тұр. Ол 82.51 ұпайға қол жеткізді. Бірінші орынға 83.97 ұпай жиған канадалық Микаэль Кингсбери жайғасты. Үздік үштікті франциялық Бенджамин Кавет қорытындылады. Тағы бір қазақстандық спортшы Дмитрий Рейхерд 79.82 ұпаймен 5-орынға жайғасты.

Спортшылар бүгін финалда бақ сынайды.
Загрузка...