Юлия Галышева әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды

2 Наурыз 2019, 16:00
1725
Бөлісу:
Юлия Галышева әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық спортшы Юлия Галышева Алматыда өтіп жатқан фристайл-могулдан әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды. 


1-2 наурызда Алматыдағы "Шымбұлақ" тау шаңғы куорты фристайл-могулдан әлем Кубогының кезеңін қабылдап жатыр.

Әйелдер арасындағы суперфиналда могулшы Юлия Галышева 79.69 ұпаймен жеңімпаз атанды. Француз Периин Лаффон 79.11 ұпаймен екінші орынға ие болса, канадалық Жюстин Дюпур-Лапуант 76.64 ұпаймен үштікті қорытындылады. 

 Аяулым Әмренова 53.26 ұпаймен келесі айналымға  өте алмаған болатын.
Өзгелердің жаңалығы