Юлия Путинцева әлемнің үздік 40 теннисшісі қатарына енді

14 Қаңтар 2019, 10:33
2604
Бөлісу:
Юлия Путинцева әлемнің үздік 40 теннисшісі қатарына енді

Астана, baq.kz. Қазақстанның бірінші ракеткасы топ-40 рейтингіне енді, ал Зарина Диас 98-шіден 95-ші орынға көтерілді. 

Әйелдер теннис ассоциациясы (WTI) жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева рейтингте бірден бес позицияға жоғарылады.

Қазақстан теннисшісі Юлия Путинцева 44-ші орыннан 39-шы орынға көтерілді. Ол 9 қаңтарда Сиднейде «Ролан Гаррос» турнирінің финалисін жеңіп, ширек финалға өткеннен кейін осындай жетістікке жеткен.

Тағы бір Қазақстан теннисшісі Зарина Дияс та бірнеше сатыға жоғарылады. Қазір Дияс 95-ші орында тұр.

Әлемдік рейтингтің топ бестігі келесідей: бірінші орында Румыния өкілі Симона Халеп, одан кейін Германия теннисшісі Анжелик Кербер, үшінші орында Дания өкілі Каролин Возняцки, одан кейін Жапония спортшысы Наоми Осака және бесінші орында АҚШ өкілі Слоан Стивенс.

Өзгелердің жаңалығы