Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

21 Маусым 2019, 09:58
1641
Бөлісу:
Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өтіп жатқан WTA санатындағы турнирде  қазақстандық Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракетасы жапониялық Наоми Осаканы жеңді.

Путинцева 1/8 финалда әлемнің бірінші ракетасы, Жапониядан келген Наоми Осакамен кездескен болатын. Бір сағаттан аса уақытқа созылған  ойында Путинцева 6:2, 6:3 есебімен қарсыласының осал тұсын тапты.

Енді, бүгін германиялық Юлия Гергес жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады. Қарсыласы – кеше ресейлік Евгения Родинаны жеңді. Гергес әлемдік рейтингте 19-орында орналасқан. 

Екеуі бұған дейін өзара үш рет кездескен. Оның барлығында қарсыласының жолы болған. 24 жастағы Путинцева әлемдік рейтингте 43-сатыда.

Өзгелердің жаңалығы