Юлия Путинцева Словениядағы турнирдің жартылай финалына шықты

18 Қыркүйек 2021, 06:35
8984
Бөлісу:
Юлия Путинцева Словениядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Словенияда өтіп жатқан турнирде италиялық Лючия Бронцеттиді жеңіп, жартылай финалға шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ширек финалдық кездесуді отандасымыз 2:0 (6:3, 6:2) есебімен өз пайдасына аяқтады. Кездесу 1 сағат 24 минут болды. Ойын барысында теннисшілер бірде-бір эйс жасамады.

Путинцева допты ойынға қосу кезінде үш рет қателессе, Бронцетти бір рет қателік жасады. 

Енді жартылай финалда Путинцева Ясмин Паолини (Италия) – Сорана-Михаэла Кырстя (Румыния) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі. 

Өзгелердің жаңалығы