Юлия Галышева Әлем кубогында бірінші орын алды

13 Қаңтар 2019, 10:16
2186
Бөлісу:
Юлия Галышева Әлем кубогында бірінші орын алды

Астана, baq.kz. Канаданың Калгари қаласында өткен фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Юлия Галышева бірінші алды. Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлімдеді.

"Бұл ұзақ жаттығудың жемісі. Алда да осы қарқыннан түспейміз деп ойлаймын. Әрине, менің командамсыз, жанкүйерлерімсіз бұл жетістікке жету мүмкін емес еді. Сондықтан барлығына алғыс айтамын" деді Юлия Гаоышева.

Финалда жерлесіміз 79,10 ұпаймен бірінші орын иеленді. 

Екінші орында франциялық Перрин Лаффон. Ол 77,96 ұпай жинады.

Үздік үштікті америкалық Джейлин Кауф қорытындылады.

Еске сала кетейік, Юлия Галышева өткен жылы желтоқсанда Финляндияның Рука қаласында өткен фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінде  күміс медаль алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы