Юлия Галышева Қытайдағы әлем кубогінің күміс медалін еншіледі

14 Желтоқсан 2019, 16:17
7548
Бөлісу:
Юлия Галышева Қытайдағы әлем кубогінің күміс медалін еншіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Тайву қаласында фристайл-могулдан әлем кубогінің екінші кезеңі басталды. Аталған сында қазақстандық Юлия Галышева күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Галышева 79,8 ұпай жинап, әлем кубогінің күмісін еншіледі. Ол Олимпиада чемпионы Перрин Лаффоннан (81,4) оза алмады. Үздік үштікке канадалық Жюстин Дюфур-Лапуант енген. Ерлер арасында қазақстандық Дмитрий Рейхерд 6-орыннан көрінді. 

Ерлер арасындағы бәсекеде жапониялық Икума Хоришима (86,9) жеңіске жетсе, канадалық Микаэл Кингсбери (86,3) күміске қол жеткізді. Қола медальді франциялық Бенжамен Каве (83,3) иеленді. 

Өзгелердің жаңалығы