Бас жаңалықтар
ҰОК президенті Юлия Галышеваны жеңісімен құттықтады
09 Ақпан 2019, 11:27 763

ҰОК президенті Юлия Галышеваны жеңісімен құттықтады

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев қазақстандық могулшы Юлия Галышеваны әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады.

Құттықтау жеделхатында былай делінген:

"Құрметті Юлия! Біздің олимпиадалық отбасы және жеке өз атымнан Сізді Дир-Вэллидегі әлем чемпионатының алтын медалімен құттықтаймын! Фристайлдағы ең танымал бөктерлердің біріндегі жеңіс сіздің қорытынды есепте бірінші орынға шығуыңызға себепкер болып отыр. Бұл сіздің әлемдік могулдағы жетістіктеріңіз кездейсоқ еместігін көрсетеді. Сіздің жеңісіңіздің арқасында Қазақстан әлемдік фристайлда үздіктер қатарына енуде. Фристайлдан тарихи медаль иеленген Пхенчхандағы Олимпиада ойындарынан соң араға бір жыл салып тағы да жеңіс тұғырынан көріндіңіз. Бүгінгі алтын медальдің отандық спорт тарихындағы орны ерекше. Сіз тынымсыз еңбектің арқасында спорттағы биіктерді бағындыруға болатынын дәлелдедіңіз. Сізді және сіздің бапкеріңіз Елена Анатольевна Круглыхина мен барлық команда мүшелерін үлкен жетістікпен құттықтаймын. Маусымды сәтті аяқтап, Алматыда өтетін фристайл-могулдан әлем кубогінің финалдық кезеңінде жанкүйерлеріңізді қуантуыңызға тілектеспін!"

Айта кетейік, Американың Парк-Сити қаласындағы әлем чемпионатында могулдан әйелдер арасындағы чемпионат анықталды. Қазақстандық Юлия Галышева әлем чемпионы атанды.






Сізден жаңалық