Бас жаңалықтар
Юкия Аманоны тарихи тұлға ретінде әрдайым есте сақтаймыз – Назарбаев
23 Шілде 2019, 17:35 229

Юкия Аманоны тарихи тұлға ретінде әрдайым есте сақтаймыз – Назарбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды elbasy.kz. 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. 

«Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы тығыз ынтымақтастық Юкия Аманоның жан-жақты қолдауының арқасында мүмкін болды. Қайғыларыңызға ортақтаса отырып, Амано мырзаның отбасына, Агенттік ұжымына және Жапон Үкіметіне көңіл айтамын. Юкия Аманоны беделді және халықаралық қауіпсіздіктің нығаюына орасан зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым есте сақтайтын боламыз», - делінген жеделхатта.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдаған еді.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық