Қытайдан келген маскаларда коронавирустық инфекция бары рас па?

14 Шілде 2020, 20:25
3244
Бөлісу:
Қытайдан келген маскаларда коронавирустық инфекция бары рас па?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде Қытай Халық Республикасынан гуманитарлық көмекке келген маскалардан коронавирустық инфекция жұқтыратындығы туралы аудиожазба тараған болатын.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл ақпараттың жалған екендігін хабарлады.

Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Сонымен қатар, басқа елдерден келіп түсетін барлық медициналық бұйымдар мен дәрілік заттар барлық белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігіне мұқият тексеріледі. Бұдан басқа, осы жағдай бойынша ақпарат таратушының жеке басын анықтау үшін ішкі істер органдарына берілді, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, әдейі жалған ақпарат таратқаны үшін адамдар ҚР ҚК-нің "Көрінеу жалған ақпарат тарату" деген 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы