Қытайда әскери жағдай режимі енгізілді

16 Қыркүйек 2020, 05:30
2598
Бөлісу:
Қытайда әскери жағдай режимі енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Юньнан провинциясы Мьянмамен шекарадағы қалаларда әскери жағдай режимін енгізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі көрші елден келген екі азаматтан вирус анықталған екен. Жуйли қаласының барлық тұрғынын коронавирусқа тексеру туралы шешім қабылданып, тұрғындарға аса қажеттіліксіз үйінен шықпау бұйырылған.

Ал қаладан 12 қыркүйектен кейін кеткендер қажет органдарға тоқтаған орындары туралы хабарлап, тест тапсыруы керек.

Айта кетейік, Юньан провинциясы Мьянмамен шекаралас. Аймақта бүгінге дейін шетелден келген 7 адамдан вирус анықталған екен.



Өзгелердің жаңалығы