Қытайда «Лекима» тайфуны 49 адамның өмірін жалмады

15 Тамыз 2019, 02:38
1570
Бөлісу:
Қытайда «Лекима» тайфуны 49 адамның өмірін жалмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың шығысындағы Чжэцзян, Шаньдун және Аньхой өңірлерінде жағдай мәз емес. Мұнда «Лекима» тайфунынан қаза тапқандардың саны 49-ға жеткен. Тағы 21 адам ұшты-күйлі жоғалып кеткен, деп хабарлайды 24.kz.

«Лекима» - өңірге келген тоғызыншы тайфун. Салдарынан 2 млн тұрғын эвакуацияланды. 996 мың гектар астық алқабынан түк қалмады. Шығын көлемі 3,4 млрд долларға жетті. Сондай-ақ сенбі күні басталған жауын аралас жел 13 мың үйдің астан-кестеңін шығарған.

"Зардап шеккендерді қауіпсіз жерге көшірдік. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Осы аймақта құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқандарды бастауыш мектептерге орналастырдық. Тамақ және қажетті заттармен қамтып отырмыз", - деді Чжецзян округі басшысының орынбасары Ван Синьвэй.




Өзгелердің жаңалығы