Алматы, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Қытайдағы қауіпті вирустан тағы 24 адам көз жұмды. Жалпы вирус тарағалы 80 адам қайтыс болған. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
ҚХР-ның денсаулық сақтау ісі жөніндегі мемлекеттік комитеттің мәліметінше, Хубэй провинциясында адамдар ауыр халге түсіп жатыр, ал аурудың таралу ошағы әкімшілік орталық Ухань қаласы.Елде қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 2 мың 794 адамға жеткен, бір тәулікте тағы 769 адамның вирус жұқтырғаны анықталған. 3,8 мың адам ауру жұқтыруы мүмкін деген күдікке ілінген, екі адам емдеу курсынан сәтті өтіп, ауруханадан шығарылған.
Бұл ауруды жұқтырғандар Қытай маңындағы елдерде де кездесіп жатыр, мәселен Гонконгта сегіз, Макаода – бес, Тайванда – төрт адам қауіпті вирусты жұқтырғаны анықталған.
ҚХР-ның денсаулық сақтау ісі жөніндегі мемлекеттік комитетті Тайланд, Австарлия мен Сингапурде – төрт адамның вирус жұқтырғанын хабарлады.
Сонымен қатар, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Малайзия мен Францияда – үш, Вьетнамда –екі, Неапалда – бір жағдай анықталған.