Қытайда дауылдан 13 адам қаза тапты

10 Тамыз 2019, 16:44
1448
Бөлісу:
Қытайда дауылдан 13 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сағатына 200 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған жел Чжэцзян провинциясына жетіп, көптеген елді мекенде сел жүрді. Бұл туралы 24kz хабарлайды.

2 миллионға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жергілікті билік аймақтағы 49 бөгеттегі су деңгейі қалыпты мөлшерден асып кеткенін айтады. Дауылдан сондай-ақ теміржол және кеме қозғалысы тоқтатылып, Шанхай және өзге де қалалардағы әуежайлардан жүздеген ұшақ рейсі кейінге шегерілген. Ал мамандар солтүстік-батысқа бет алған дауыл ертең Цзянсу провинциясына жетіп, оның күші әлсірейді деп отыр.

16 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. 

Өзгелердің жаңалығы