Қытайда биіктігі жарты шақырым болатын ғимарат ашылды

10 Қазан 2019, 04:50
3059
Бөлісу:
Қытайда биіктігі жарты шақырым болатын ғимарат ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейжің қаласында Қытайдағы ең биік CITIC Tower ғимараты ашылды, деп хабарлайды 24.kz. 

Әлемдегі ең биік он ғимараттың қатарына кіретін биіктігі 528 метрлік ғимарат 109 қабаттан тұрады.

«Америкалық Kohn Pedersen Fox дизайн бюросы салған CITIC Tower мұнарасы Қытайдағы ең биік төртінші, ал әлемдегі ең биік сегізінші мұнара болды», - делінген хабарламада.  

1974 жылы құрылған Kohn Pedersen Fox дизайн бюросы әлемдегі көптеген биік ғимараттардың авторы, олардың төртеуі әлемдегі ең биік 10 ғимараттың тізіміне енген.


Өзгелердің жаңалығы