Қытайда автобус опырылған жердің астына түсіп кетті

14 Қаңтар 2020, 18:33
1634
Бөлісу:
Қытайда автобус опырылған жердің астына түсіп кетті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда жүріп келе жатқан автобус опырылған жердің астына түсіп кетті. Оқиға салдарынан 6 адам қаза тапты. Бұл туралы "РИА Новости" сайтында хабарланды. 

Оқыс оқиға 13 қаңтарда кешке Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясындағы Синин қаласындағы Қызыл Крест ауруханасының жанында орын алған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды. Онда автобустың аялдамаға келіп тоқтаған кезінде кенеттен асфальт опырылып, жердің астына түсіп кеткені көрсетілген. 



Басқа бейнекадрлар құтқару жұмыстарын көрсетеді. Бұған дейін, 15 адамның ауруханаға жатқызылғаны және 10 адамның хабар-ошарсыз кеткені белгілі болған еді.

Қазіргі уақытта құтқарушылар қаза болған 6 адамның денесін тапты. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Опырылып құлаудың себептері анықталуда.
Өзгелердің жаңалығы