Бас жаңалықтар
Қытай коронавирустан зардап шеккен елдерге 2 млрд доллар бөлмек
19 Мамыр 2020, 08:49 76

Қытай коронавирустан зардап шеккен елдерге 2 млрд доллар бөлмек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай алдағы 2 жылда коронавирустан зардап шеккен елдерге 2 миллиард доллар бөледі, деп хабарлайды "Хабар 24".


Бұл туралы осы елдің басшысы Си Цзиньпин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 73-сессиясында мәлімдеді.

Қаржылай көмек алдымен дамушы елдерге беріледі. Цзиньпин сондай-ақ эпидемиямен күреске қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін гуманитарлық көмек хабы құрылатынын жеткізді. Және індеттің таралуын жасырды деген сынға да жауап берді.

Айтуынша, Қытайдың халықаралық ұйымы дертке қатысты барлық мәліметті дер кезінде таратқан.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...