Бас жаңалықтар
Қытай елшісі Помпеоның айыптауларын қойылымға теңеді
05 Ақпан 2020, 02:45 406

Қытай елшісі Помпеоның айыптауларын қойылымға теңеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы Қытайдың Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Қытай саясатына қатысты айтқан мәлімдемесіне өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жауап берді.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 2 ақпанда жергілікті антиқытай қозғалысының өкілдерімен кездесіп, Нұр-Сұлтан қаласында арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Ол Шыңжаңдағы миллиондаған ұйғыр мен қазақ мұсылмандарын Қытай түрмеге қамап жатыр деп айыптап, ал қытайлық және ресейлік инвестициялар Қазақстанның егемендігі мен елдің ұзақ мерзімді даму болашағына нұқсан келтіреді-мыс деп мәлімдеді. Қытай-қазақ қатынастарын бұзу үшін Помпео, тіпті коронавирустық пневмонияның жаңа індетін де желеу етуге тырысты. Помпеоның бұлай деуі таң қалатындай жағдай емес, негізі. Помпеоның бұл қылығы Қытайға қарсы тағы бір негізсіз "қойылымы" деуге болады. Ол ылғи бір әуенді қайталап, өзін үнемі менмен ұстайды, – деп жазды елші.
Сондай-ақ Чжан Сяо америкалық тәуелсіз жаңалықтар сайтының зерттеуін сырттан қарағанда өте күлкілі көрінетінін айтты.
Қытай миллион ұйғырды түрмеге жапты" деген айыпқа қатысты келетін болсақ, бұл фактінің мән-жайы баяғыда айқындалған: "Көлеңкелі аймақ" америкалық тәуелсіз жаңалықтар сайтының зерттеуіне сәйкес, "1 миллион" деген сан тек сегіз адамнан алынған жауап негізінде құрылған. Мұның өзі күлкілі емес пе? Шын мәнінде, соңғы 40 жыл ішінде Шыңжаңдағы ұйғыр халқы 5,5 миллионнан 11 миллион адамға дейін өсті. Бұл Шыңжаң халқының 46,8% құрайды. Шыңжаңда 25 мыңнан астам мешіт бар, бұл АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Германияның қосып алғандағы орташа есеппен әр 500 мұсылманға бір мешіт келеді. Бұл көптеген мұсылман елдерінің өзінде кездеспейтін жағдай. Шыңжаң туралы негізгі фактілерді елемей, Қытайды қаралай отырып, Помпео бүкіл әлемге өзіндік идеологиялық көзқарастары мен мәліметті бұрмалаушылықтарын ғана көрсетті. Помпеоның Қытай мен Ресейдің инвестицияларының Қазақстан үшін қауіпті екендігі туралы айыптаулары да барып тұрған жалған. Осылайша олар геосаяси пиғылын ашықтан-ашық байқатып отыр: аймақта дүрдараздықты өршіту және өз монополиясын орнату. Бұл тым менмендік емес пе, – деп жазады әлеуметтік желіде.
Қытай елшісі АҚШ-тың мемхатшысына Қазақстанның мұнайына көз сала бермей, сонымен бірге қазақстандық өнеркәсіп пен инфрақұрылымдарға да инвестиция салған жөн екенін, бұл тұрғыдан Қытай оған үлгі бола алатынын айтты.
Помпео мырзаға мынандай сұрақ қойғым келеді: Сіз Қазақстанда кем дегенде 1 шақырым жол төседіңіз бе немесе Қазақстанға кем дегенде бір көпір салып бердіңіз бе? Егер шынымен де қазақстандықтарға қамқор екендігіңіз рас болса, онда Қазақстандағы тек ең пайдалы мұнай кен орындарына назар аударып қоймай, сонымен бірге қазақстандық өнеркәсіп пен инфрақұрылымдарға инвестиция салғаныңыз жөн болар еді. Қытайдан үлгі алып, жергілікті экономикаға нақты ақша салуды бастауға батылыңыз жете ме? Олай ете алмасаңыз, қазақстандықтар үшін айтқан барлық сөздеріңіз тек екіжүзділікке айналады, – деді елші.
Сонымен қатар Қытай елшісі: "уақыт бәрін өз орнына қояды, ешнәрсе жазасыз қалмайды", – деп ескертті.
Помпеоның төмендігі – бүкіл Жер шарында қауіп төндіріп тұрған індетке қарсы Қытай жанталасып, барлық күшін жұмсап күресіп жатқанда коронавирустың таралу тақырыбын өз мақсатына қолдануы. Осылайша, ол адамгершілікке жатпайтын әрекетімен тым шектен шығып кетті. Қазіргі кезде жағдай мынадай: көптеген елдер індетке қарсы күресте Қытайға қолдау білдіріп, көмек көрсетті, ал бұл кезде Америка Құрама Штаттары қиындықтарды еңсеру үшін кішігірім болсын лебізін де білдірмеді, керісінше, ең бірінші болып олар өз азаматтарын Уханьнан алып шықты, ең бірінші болып Қытайға сапарлау қауіптілігі мәселесін көтерді, тіпті Ауғанстан мен Ирактың деңгейіне дейін апарып тастады және Бейжіңдегі өз елшіліктерінің штат санын қысқартқан бірінші ел болды. Бұл қадамдардың мотиві – дүрбелең тудырып, сенімсіздік туғызу. Бірақ мұның бәрі бекер. Қытай бұл індетпен күресуге толықтай сенім мен ерік-жігермен кірісуде және ол үшін барлық құралдар мен ресурстар жеткілікті. Қыс та өтеді, көктем де келеді. Помпео мырза, лексикалық әдетіңізге назар аударыңыз, 5000 жылдық өркениеті бар Қытай елінде былай айтады: "Уақыт бәрін өз орнына қояды, ешнәрсе жазасыз қалмайды", – деп аяқтайды елші жазбасын.

Бұған дейін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Помпеоның Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында адам құқықтары дағдарысынан зардап шеккен этникалық қазақтардың отбасы мүшелерімен кездескені туралы хабарлаған болатынбыз.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...