Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

20 Ақпан 2019, 15:29
2247
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет 21-23 ақпанға арналған ауа-райы болжамын ұсынды.

Көктемгі процестерге тән барикалық құрылымдардың тез ауысуын ақпан айында байқаймыз. Өткен тәулікте қар жауып, боран соғып, батыстан күшті жел болды және Қазақстанның көптеген облысында жылымық тудырған циклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай жылжыды. 

Енді оның орнына Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік-батыс аудандарынан антициклон жылжып, онымен бірге жауын-шашын тоқтап және ауа температурасының төмендеуі болжанады. Дегенмен ол ұзаққа созыла қоймайды. 

Қазақстанға кезекті жауын-шашын мен жылу әкелетін келесі Атлантикалық циклон қалыптасуда.

Өзгелердің жаңалығы