Қырымбек Көшербаев Алматыда мәдениет және ғылым қайраткерлерімен кездесті

14 Қазан 2019, 19:49
1542
Бөлісу:
Қырымбек Көшербаев Алматыда мәдениет және ғылым қайраткерлерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік хатшы Satpayev University жоғары оқу орнында әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған ғылыми жұмыстармен, сондай-ақ, халықаралық компаниялармен бірлесіп атқарылып жатқан жобалармен танысты, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Қырымбек Көшербаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да келесі жылы атап өтілетін Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына дайындық шараларын пысықтады.

Мемлекеттік хатшы, Алматы қаласының әкімі, Мәдениет және спорт министрілігінің басшылығы «Қазақфильм» АҚ-да аталған мекемені дамыту мәселелерін талқылады.

Осы күні Қырымбек Көшербаев Қазақ тағамтану академиясының ұжымымен кездесіп, әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған жобамен танысты.

Сонымен қатар Қырымбек Көшербаев бірқатар мәдениет және ғылым қайраткерлері мен сарапшыларды қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы