Қырғызстанмен шекараны бұзып кірген қазақстандық ұсталды

23 Тамыз 2019, 17:46
2444
Бөлісу:
Қырғызстанмен шекараны бұзып кірген қазақстандық ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше кешкілік Қордай шекара отрядына қарасты «Қордай» заставасының кезекшілік пультіне аумақтардың бірінен дабыл белгісі түсті. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекеттік шекараның бұзылу белгісі байқалған аумаққа шұғыл аттанған дабыл тобы көрші елден Қазақстанға қарай өткен із жолағын тауып, итті салды. Арада жарты сағат өтпей шекара бұзушы қолға түсті. Ол 44 жастағы қазақстандық екен. Мемлекеттік шекараны бұзып өту себебі анықталып жатыр", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы