Қырғызстанда Премьер-министр ауысты

6 Қазан 2020, 22:17
2036
Бөлісу:
Қырғызстанда Премьер-министр ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Саясаткер Садыр Жапаров Жоғарғы Кеңестің кезектен тыс отырысында Премьер-министр болып сайланды.

Бұрынғы Премьер-министр Кубатбек Боронов отставкаға кетті. Бұл туралы «Достук» қонақ үйінде өтіп жатқан Жогорку Кенештің кезектен тыс отырысында белгілі болды, деп хабарлайды kabar.kg.

2017 жылы сотталған Садыр Жапаров 5-6 қазанға қараған түні босатылды. Дәл осы түні парламенттік сайлаудың нәтижелеріне наразылық білдірушілер «Ақ үйге» кірді.


Өзгелердің жаңалығы