Қырғызстан ЕАЭО аясында сауда ережелерін бұзды

27 Ақпан 2020, 21:46
1368
Бөлісу:
Қырғызстан ЕАЭО аясында сауда ережелерін бұзды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғыз Республикасының ЕАЭО құқығын кезекті бұзуын Сауда және интеграция министрлігі келіссөз жүргізушілермен анықтады. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұл жолы мәселе Қырғыз Республикасының кәсіпорындарында өндірілетін ауыл шаруашылығы техникаларын ҚҚС төлеуден босатуды қарастыратын Қырғыз Республикасының қолданыстағы салық заңнамасына қатысты. 

Сонымен қатар, осындай жеңілдікті ЕАЭО елдеріндегі ауыл шаруашылығы техникаларына қолданылуы үшін, адал бәсекелестікті бұзатын қосымша критерийлерге сәйкес келу қажет.

ЕАЭО туралы шартта, мүше-мемлекеттердегі өзара тауар саудасында ҚҚС алу ЕАЭО басқа елдерінің аумағынан шығарылатын ұқсас тауарларға қатысты салық салуға қарағанда қолайлылығы кем болмауы тиіс. Қырғызстанның қолданыстағы салық заңнамасы "ұлттық тәртіптеме" принципіне қайшы келеді. Біз бұл тек қана ЕАЭО құқығын ғана емес, сонымен қатар ДСҰ құқығын өрескел бұзу деп санаймыз және Еуразиялық экономикалық комиссияға осы мәселені ЕЭК алқасының кезекті отырысында қарауды ұсындық, - деді Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова.
Естеріңізге сала кетейік, тиісті өтініш жақында ЕЭК атына жіберілді.
Өзгелердің жаңалығы