Бас жаңалықтар
Қырғызстан азаматтарына транзитті қамтамасыз ету туралы
18 Мамыр 2020, 20:57 74

Қырғызстан азаматтарына транзитті қамтамасыз ету туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қырғыз Республикасының азаматтарына транзитті қамтамасыз ету мәселелері бойынша келесіні хабарлайды.

Үстіміздегі жылғы 17 мамырда Қырғыз Республикасының Елшілігі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Қырғыз Республикасының азаматтарын Ресей Федерациясынан әкету үшін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік дәлізді қамтамасыз ету жөніндегі нотаны жолдады.
 
Үстіміздегі жылғы 18 мамырда ҚР Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Ресей Федерациясының Орынбор облысындағы Қырғыз Республикасының азаматтары үшін Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жолаушылар көлігін қамтамасыз ету шартымен байланыссыз транзиттік дәлізін беру туралы оң шешім қабылданды.
 
Қазіргі уақытта қырғыз тарапы көлікті қамтамасыз ету мәселелерін пысықтауда. 

Сыртқы істер министрлігі қырғыз тарапына жан-жақты қолдау көрсетеді. 

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...