Қырғыз президенті оқшауланды

24 Маусым 2020, 17:01
1498
Бөлісу:
Қырғыз президенті оқшауланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды 24 kg.

Дереккөз мәліметінше, 24 маусымда таңертең түсірілген видео кадрларында Сооронбай Жээнбековтің Кремльге келгені көрінеді. 

Алайда Владимир Путинмен амандасу сәтіндегі кадрларда Жээнбеков көрінбейді. Қонақтар Ресей президентімен бірге шеру өтетін жерге Кремль баспалдағымен түссе, Президент олармен болған жоқ.

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, алгоритм бойынша Сооронбай Жээнбеков, делегация мүшелері мен президенпен бірге жүретін адамдар Мәскеуге ұшып келгеннен кейін коронавирусты анықтауға тест тапсырған. Содан Жээнбековтің қасында жүрген екі адамнан коронавирус анықталған.

Кейін коронавирустың Президент аппаратының сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Данияр Сыдықовтан анықталғаны белгілі болды. Сондай-ақ, Сооронбай Жээнбековтің күзет қызметінің бірінің қызметкерінен вирус анықталғаны айтылды.

Өзгелердің жаңалығы