Қырғыз президенті Елбасын құттықтады

6 Шілде 2020, 14:01
1708
Бөлісу:
Қырғыз президенті Елбасын құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш президенті Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.

Сооронбай Жээнбеков Елбасын 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және көпқырлы мемлекеттік қызметте жаңа жетістіктер тіледі. 

Қырғызстан Президенті Қазақстанның сәтті дамуы және оның халқының әл-ауқатының өсуі Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты екенін, ал Ұлт көшбасшысының тәжірибесі мен беделі өңірдегі интеграциялық үдерістерді дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. 

Елбасы С.Жээнбековке құттықтауы үшін алғысын білдіріп, екі бауырлас ел арасындағы тарихи тұрғыдан қалыптасқан тату көршілік қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. 

Телефон арқылы сөйлесуге қырғыз тарапы бастамашы болды.

Өзгелердің жаңалығы