YouTube жұмыс істемей қалды

1 Ақпан 2019, 11:59
4835
Бөлісу:
YouTube жұмыс істемей қалды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қолданушылар Youtube видеохостингінің жұмыс істемей қалғанын жарыса жазуда. Бұл туралы РБК хабарлайды.


Интернет-ресурстардың жұмысын қадағалайтын Downdetector порталының мәліметіне сәйкес, Мәскеу уақытымен сағат 04:30 шамасында аталған видеохостингтің жұмысына шағымдар түсе бастаған. Олардың саны – 200. 

Көбінесе қолданушылар видео көрумен (44%) қиындықтар туындағанын, видеохостингке (28%) және кейбірі аккаунттарына (11%) кіре алмай қалғанын жазған. 

Downdetector порталының хабарлауынша, Youtube әлем бойынша дұрыс жұмыс істемей тұр. Ал шағымдардың басым бөлігі АҚШ, Оңтүстік Америка, Батыс Еуропа, Жапония және Ресейден түскен.

Айта кетейік, өткен жылдың қазан айында YouTube әлем бойынша жұмыс істемей қалған. 3,8 мың қолданушы шағым түсірген. Сервистің жұмысы бір сағаттың соң қалпына келтірілген.

 

Дәурен ЕРБОЛАТ


 

Өзгелердің жаңалығы