Бас жаңалықтар
YouTube Гонконгтағы митингке байланысты 210 каналды өшірді
23 Тамыз 2019, 11:51 228

YouTube Гонконгтағы митингке байланысты 210 каналды өшірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Блокқа қойылған аккаунттар локациясын жасыру үшін VPN-сервисті және басқа әдістерді пайдаланған.

Google компаниясы YouTube видеохостингіндегі 200-ден астам аккаунтты Гонконгтағы жағдайға «үлестіруші ретінде ықпал етуге» тырысқаны үшін өшірді. Бұл туралы 22 тамызда белгілі болды.

«Біз Гонконгтағы ереуілдерге қатысты үлестіру мақсатын білдіретін видеолар салған YouTube-тағы 210 каналды өшірдік»,  - делінген Google қауіп анализі тобының басшысы Шейн Хантлидің хабарламасында.

Компания осы аптада дәл сондай себепке байланысты Twitter-дегі бірнеше аккаунтты бұғаттаған. Онда ҚХР-ның 936 аккаунты болған. Олар «Гонконгтағы саяси келіспеушілікті ушықтыруды көздеген».

Айта кетсек, Гонконгтағы ереуіл бірнеше айдан бері жалғасып келеді. 18 тамызда Гонконгта үкіметке қарсы митингке 1,7 млн адам шықты.

Сянгандағы (Гонконг) бейбіт митингке шығушыларды батыстық кейбір ел арнайы араңдатып шығарып отыр. Мұндай пікірді ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо журналистермен кездесу барысында айтты.

Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық