YouTube дизлайкты алып тастауы мүмкін
13 Қараша 2021, 19:01 84

YouTube дизлайкты алып тастауы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Youtube өз пайдаланушыларынан дизлайкты жасыруды жоспарлап отыр.

Танымал әлеуметтік желі авторларға кері байланыс орната отырып, бейне астындағы дизлайктар санын көру мүмкіндігінен шектегісі келеді. Тәжірибе жүргізе отырып, компания дизлайк есептегіштерінің болмауы пайдаланушылардың мінез-құлқына оң әсер ететінін анықтады. Біз инклюзивті және құрметті ортаны құрғымыз келеді, онда жасаушылар жетістікке жетуге және өздерін қауіпсіз екенін білуге жол ашылады, - делінген YouTube хабарламасында.

Алайда дизлайкты қою мүмкіндігі әлі де сақталады. Теріс бағалау туралы ақпарат тек YouTube студиясындағы бейне жазушыларға қолжетімді болады, осылайша, олар өз мазмұнының тиімділігін бағалай алады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...