Бас жаңалықтар
«Ынтымақ» төрайымы: Бірлік – қиындықты жеңетін күш
20 Сәуiр 2019, 17:51 641

«Ынтымақ» төрайымы: Бірлік – қиындықты жеңетін күш

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Қазақ халқында «Береке басы – бірлікте» деген ұлы сөз бар. Қазіргі Қазақстан қоғамының жаңару жолы мен дамуы ең алдымен елдегі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық түсінушілікке байланысты. Шымкент қалалық «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігі осы маңызды рухани факторды жүзеге асыруда алдағы уақытта да бар күш-жігерін жұмсайды. Аталған мәдени бірлестіктің төрайымы Гауһар Төлепова осылай айтады.


Оның сөзінше, қиындықты жеңетін бір ғана күш бар, ол – бірлік.

«Достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық. Тәуелсіздік жылдарында еліміз үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, әлемде өзіндік орны бар мемлекетке айналуы осы ынтымақтың жемісі. Ұлт пен ұлыстың татулығы арқасында, бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері дамып келеді. Оған Қазақстанды мекен еткен түрлі ұлт өкілдерінің қосқан үлесі орасан», - дейді Гауһар Төлепова.

Ол басқаратын «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігі аз этностарды біріктіріп, елдегі тұрақтылық пен бірлікті нығайту, қоғамдық келісімді сақтау, қазақстандық патриотизмді дамыту бағытындағы шараларды жүзеге асыру мақсатында ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында құрылған.

«Біздің бірлестік өңірдегі молдаван, лезгин, осетин, гагауз, қарашай, болгар, чех,латыш, эстон, удмурд, марий, сыған, чуваш, угор-карел, мордва, мары сынды өкілдерінің саны аз ұлттарды өз қанатының астына алған. Осы ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтау мақсатындағы жұмыстардың атқарылуына үлес қосып келеді. Биылғы жоспарлап отырған негізгі мәселеміз – жастарды білімді, саналы, үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсету, алдағы өмірде отбасылық өмірге даярлау, ажырасу, жұмыссыздықтың алдын алу, жастардың тұрғын үймен қандай жағдайда қамтуға болады, өзіндік жеке бизнесін қалай ашуға жағдай жасауға болады деген сұрақтарға жауапты қарастырып отырмыз», - дейді Г. Төлепова.

Бүгінде бірлестік жанынан Жастар қанаты жұмыс істейді. Жастар қанатына   Ғалия Жақсылық жетекшілік етеді. Оның айтуынша, 2019 жыл – Жастар жылы болғандықтан, осы бағытта қызу жұмыстар жүргізіліп жатыр екен.

«Елбасымыздың 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауына байланысты, біздің «Ынтымақ» этномәдени ынтымақтастық жанынан құрылған «Жастар қанаты» биылғы жұмыстарын еселеді. Нәтижесінде мектеп, колледж, университет студенттеріне арнайы пресс-конференциялар ұйымдастырып жатырмыз. Жастарды рухани тұрғыдан бет бұруға шақырамыз. Қалалық іс-шаралар мен дөңнелеу үстелдер өткізуге атсалысуымен қатар, өзіндік жоспарлар әзірлеп жүзеге асыруды мақсат еттік,-дейді Ғалия Жақсылық.


Сондай-ақ, «Жастар жылына» байланысты сан жағынан көп алуан түрлі іс-шаралар өткізіледі. Әйткенмен, мұндағы басты мақсат – саннан сапаға ұмтылу екен. Соның ішінде ең басты да маңызды күткен нәтижеміз – жастардың білім деңгейі мен өз болашақ кәсібін меңгеру дәрежесін іс жүзінде көтеру. Студент жастардың азаматтық белсенділігі мен құқықтық мәдениетін биіктету болып отыр.

«Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігінің өкілдері өңірдегі саны аз этностарды ортақ қазақстандық мүддеге жұмылдыру, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайту бағыттарындағы шараларды жүзеге асырады. Бірлестік мүшелері түрлі кездесулер, «дөңгелек үстелдер» мен ғылыми-тәжірибелік конференциялар, байқаулар, мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырады.

«Қаладағы бірнеше арнайы және жоғары оқу орындарымен өзара меморандумдарға қол қойылып, жұмыстар жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. «Шаңырақ шаттығы», «Отбасы-өмір аясы» байқаулары мен Аналар күні мерекесін жоғары деңгейде атап өту дәстүрге айналған. Бірлестік жанынан құрылған «Домалақ ана», «Ынтымақ», «Көркем» әжелер топтары жастар арасында ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттаайды», - дейді бірлестік төрайымы Гауһар Төлепова.

Мәселен, бірлестік жанындағы әжелер топтары облыстық телеарнамен бірлесіп, «Ашамайға мінгізу», «Қызды оң босағаға отырғызу», «Бастаңғы», «Құдаласу», «Енші беру», «Босаға майлау», «Ерулік», «Төркіндеу», «Аунату» сынды ұмыт бола бастаған салт-дәстүрімізді көрсетіп, сахналайды. Сонымен қатар, ел бірлігі мен тұрақтылығын сақтауға бағытталған бірқатар мәәдени іс-шаралардың бел ортасынан табылып, ұлттық өнерімізді түлету жолында жемісті еңбек етеді.


Осы орайда «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігі алда өтетін ҚХА сессиясы қарсаңында бірқатар шаруалар атқарыпты.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма жетінші сессиясына бірқатар дайындықпен жеттік» деп айтуымызга болады. Қаладағы аз қамтылған, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларды анықтау үшін «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігінің жанынан құрылған еріктілер (волонерлар) көп жұмыс атқарды. Сонымен қатар Политехникалық колледжде "Ізгілік" акциясы ұйымдастырылды. Акцияда жиналған киім-кешек, күнделікті тұрмысқа қажетті заттар, азық-түліктер мұқтаж отбасыларға таратылды.

Жыл басында 6504 әскери бөлімінде әскери борышын отап жүрген жауынгерлерге арнап «Сыбаға» акциясын өткіздік. Әжелер ансамблінің концертін ұйымдастырдық, - дейді төрайым Гауһар Төлепова.

Ал 1 наурыз – Алғыс айту Түркістан жоғары агроколледжінде өткен «Ұстаз – саған мың алғыс» кешіндее ұстаздың ұстазы, қоғам қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Ордабасы ауданының Құрметті азаматы, осы колледж директорының ұстазы Мария Зәйтүнқызына құрмет көрсетті. Бұл кездесуге славян, шешен-ингуш, грузин этномадени бірлестіктерінің басшылары катысыпты.

Ол сондай-ақ, жұмысты жандандыруда бірлестіктік мүшелері Жангүл Садықова, Сапаралы Сахов, Керімбек Ниязбаев, Қатира Қадырбаева, Күләш Бейсібекова, Тұрсынкүл Құрманбаева, Құралай Молдасейітова, Роза Үсенбекова және тағы басқа азаматтардың еңбегі орасан зор екенін атап өтті.


Фото: автордан

Сізден жаңалық