Дәрі емес, қымыз

26 Сәуір 2019, 14:27
2327
Бөлісу:
Дәрі емес, қымыз

Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университеттің ғалымдары дәрі сияқты түйіршектелген қымыз әзірлеуді қолға алды. Яғни, бір түйір дәріні жарты литр суға араластырғанда, ол жарты литр қымыздың эквивалентіне тең болады.

Оқу орнының Исабай Бекбасаров басқаратын Ғылым және жаңа технологиялар департаменті «Абсент» шаруашылығымен бірлесіп, қымыз өндірісін ғылыми  жолмен дамытып келеді. Жа­ңа­шылдықпен жолға қойыла бас­таған шаруашылық «Хан қымыз» қымыз өндірі­сін жандандыруда.

«Университет зертханасы әлі де ізденіс үстінде. Бүгінде екі ай көлемінде қымызды екі ай бойы сақтауға болатындығын дәлелдедік. Алдағы уақытта, қымыздың сақталу мерзімін алты айға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, тек ұнтақ және түйіршік түріндегі қымызды зерттеумен шектелмей, құрғатылған бие сүтінен дәнді дақылдар негізінде балалар тағамын жасауды да зерделеу үстіндеміз», - дейді Исабай Бекбасаров.

Айта кетейік, Тараз қаласында қымыз өндірісін ғылыми тұрғыдан жандандыру мақсатында қауымдастық та құрылған. Қауымдастықтың президенті болып аталған оқу орнының ректоры Махметғали Сарыбеков тағайындалған болатын. Бүгінде жиырма екі адам қауымдастықтың қатарында. Жылына екі-үш мәрте басқосу ұйымдастырылып, саладағы өзекті мәселелер талқыланып отырады.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған игі бастаманың жалғасы ретінде қауымдастық президенті қымыз өндірушілердің палатасын құру жоспары бар екендігін де өз сөзінің бірінде айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы