Үйленген жастар 3 минуттан соң қайта ажырасты

8 Ақпан 2019, 11:08
2686
Бөлісу:
Үйленген жастар 3 минуттан соң қайта ажырасты

Алматы, BAQ.KZ. Кувейтте некелерін қиған жастар бірнеше минут өткен соң қайта ажырасқан. Бұл туралы The Sun басылымы хабарлады.


Неке қию шарасынан кейін қалындық шалынып қалған. Күйеу жігіт оған күліп, "ақымақ" деп атаған. Нәтижесінде қалындық көзіне жас алып, некесі қиылған сол салтанат сарайында күйеуімен қайта ажырастыруды талап еткен.

Жастар заңды некеде ресми түрде үш минут болған. Осылайша бұл жағдай ең қысқа неке ретінде рекорд орнатқан. Бұған дейін БАӘ-де отбасылық өмірі 15 минутқа ғана созылған жұп бірінші орында болған екен.
Өзгелердің жаңалығы