Ықтымбаев: Менің гонорарымды көтере алмайсыңдар, қоңырау шалудың қажеті жоқ деймін

16 Мамыр 2021, 12:13
1706
Бөлісу:
Ықтымбаев: Менің гонорарымды көтере алмайсыңдар, қоңырау шалудың қажеті жоқ деймін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұржұман Ықтымбаев Жерар Депардьемен, Кэри Хироюки Тагавамен және басқа да әлемге әйгілі тұлғалармен жақсы таныс, Бекмамбетовтің киноларында түскен. 

Ал жас кезінде Қазақстан басшысы Дінмұхамед Қонаевтың өзіне шартын қойған кездері болған екен. Қазақстанның Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржұман Ықтымбаев өзінің мансабында әлем бойынша 200-ден астам фильмде ойнаған. 

Ықтымбаев өнерге сәби кезінен араласты деуге болады. Ол дүниеге неміс фашистерінің шабуылынан бір ай бұрын келген екен. Содан оның балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келді. Ол 5 жасында майданда ұлдарын, күйеулерін, бауырларын жоғалтқан ана мен жесір әйелдер, қариялардың сқрауы бойынша ән айтады екен. Нұржұман ата өзі ән айтқанда жылап айтатынын еске алады, өнер бала кезден оның қанына сіңген.
7-сыныпты бітірген соң Ықтымбаев Алматыдағы музыкалық училищеге оқуға түседі. 

Домбырада ойнағым келді. Бірақ мамандықты шатастырып алдым. Мен «хореография» дегенді көріп, онда өнердің барлық түрін оқытылады деп ойладым, содан кейін бал биіне түскенімді білдім. Жыладым. Маған мұнда қысқа мерзімді училище бар екенін айтты, сәті түссе соған түсіп кетердің деді. Нәтижесінде мен сол жерге оқуға түстім, бірақ 2 жылдан кейін әкем қайтыс болды, мен бәрін тастап, туған ауылыма кетіп қалдым. Бірақ өнерімді тастамадым, ән айттым, қалжыңдап жүріп, әңгімелер айттым, - деді Ықтымбаев. 

Жас кезінде ол өте мықты болды, жекпе-жекте оның қарсыластары боксшы Слава Болдырев, Әбдірашит Әбдірахманов болды, барлығымен бірге жаттықты. 

Оқуды бітіргеннен кейін қандай да бір кино тобының келгенін естідім (режиссер Абдолла Қарсақбаев бастаған «Тревожное утро»  фильмін түсіру келген). Мектеп директорынан өнерді жақсы көретін мықты жігіт бар ма деп сұрағанда, ол мені көрсеткен. Мені режиссер ұнатты. Сөйтіп мен киноға түсе бастадым. Бір айдан соң Алматыға келіп «бұл жігітті алып келіңдер, ол Қазақстандағы ең сұраныстағы актер болады» деген. Фильм сәтті шықты, одан кейін Мен Қазақстанда ұзақ тұрмадым, 2 жылдан кейін мені Мәскеуге алып кетті, - деп түсіндірді Нұржұман Ықтымбаев. 

Деловой Қазахстан басылымының жазуынша, 1971 жылы жарық көрген «Седьмое небо» фильмінде Ықтымбаевпен бірге белгілі актерлер Николай Рыбников, сондай-ақ Алла Ларионова мен Ольга Сочникова болды. Сол картинадан Нұржұман Ықтымбаевтың мансабы өрлей түсті, барлық кеңес режиссерлері оны киноға түсуге шақыра бастады. 

1981 жылы Ықтымбаевтың қатысуымен түсірілген «Великий самоед» фильмі КОКП ОК 26-съезінде көрсетілді, бүкіл зал орнынан тұрып, кейіпкердің сахнаға шығуын сұрады. 

Мені сахнаға шығарды Қонаев (ол кезде-ҚазКСР басшысы) мені көріп, шайға шақырды. «Неге Мәскеуде жүресің, ал қазақ киносын көтермейсің?» деді. Мен үшін Ыдырыс Ноғайбаев (актер, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты) «егер жағдай болса, ол келеді» деп жауап берді. Алматыда мені Қонаевтың қабылдауына қайта шақырды, ол маған қандай шартың бар деп сұрады. Мен пәтер мәселесін шешу қажеттілігі туралы айттым. Ол бірден мің көзімше Заманбек Нұрқаділовке қоңырау шалды (ол кезде - Алматы қаласының басшысы) ол 3 пәтер берді: қызыма, үлкен ұлым және маған 5 бөлмелі пәтер. Оның орнына Қонаев кетіп қалмайтыныма ант беруімді өтінді, - деді Ықтымбаев. 

Бірнеше жылдан кейін КСРО-да қайта құру басталды. 

Кеңес заманында бір түсірілім алаңынан екіншісіне міндетті түрде ұшып жүретін. КСРО ыдырағаннан кейін жағдай өзгерген жоқ. 90 жылдары Ықтымбаевтың алдында барлық есік ашылды. Ол Франция, Италия, Польша, АҚШ, Ресей, Қырғызстанда жұмыс істеді. 

Мен-голливудтық фильмдегі түскен алғашқы қазақпын. Шетелде ең үлкен төлемдер, 14 мың доллар. Мұнда, Қазақстанда ондай емес, елде қанша төлейтінін де айта алмаймын. Мұнда киноға түспеймін де. Бірден «менің гонорарымды көтере алмайсыңдар. Сондықтан маған қоңырау шалудың қажеті жоқ» деп айтамын, - дедй ол. 

Жақында, 2 ай бұрын, Ықтымбаев голливудтық «Комбат» фильмінде түсірілімді аяқтап, «Мосфильм» «Перевал Дятлова» фильміне түсуге ұсыныс жасаған. Ол ұсыныстан бас тартқанын айтады. Өйткені түсірілім желтоқсан айында Барнаулда қатты аязда болады екен. 

Сондай-ақ, Ықтымбаев жақында Тарас Шевченко туралы украиналық фильмде түскен. 

Карантинге қарамастан, жолдарын тауып жатырмыз. Жуырда «Комбат» фильмі прокатка шығады. Қазақстанға келе ме, жоқ па, білмеймін. Мысалы, менде Италияда түсірілім болды, онда мен Шыңғысханды ойнадым, бірақ кино шықпады, шетелдік фильмдердің тағдыры әртүрлі. 

Қазір демалып жатырмын. Зайыбым екеуіміз коронавирусқа қарсы вакцина алдық. Мен өзімді жақсы сезінемін. Ал әйелімде жанама реакциялар байқалуда. Сол себепті де үйде болуға тырысамын, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы