Әйелін ұшқыштар кабинасына кіргізген ұшқыш жұмыстан шеттетілді

10 Қаңтар 2019, 16:25
1580
Бөлісу:
Әйелін ұшқыштар кабинасына кіргізген ұшқыш жұмыстан шеттетілді

Астана, baq.kz. Әуе компаниясы әйелін ұшқыштардың кабинасына жасырын кіргізгені үшін ұшақтың командирін жұмыстан шеттетті және  айыппұл төлетпек. Бұл туралы South China Morning Post жазады.

Қытайлық Donghai әуекомпаниясының өкілдері хабарлағандай, олардың Чэнь есімді қызметкері әйеліне екі рейске билет алады және оған кабинада ұшуға рұқсат береді.

«Чэнь өзінің қызметтегі өкілеттігін кері пайдаланып, қауіпсіздік ережелерін бұзды және басқалардың «болмайды» деген кеңесіне қарамастан әрекет етті», - делінген компанияның хабарламасында.

Енді ол алты айға жұмыстан шеттетілді және 12 мың юань (440 мың теңге) айыппұл төлеу керек. Оның әріптесіне де алты мың юань (220 мың теңге) айыппұл жазылып, 15 тәулікке қызметтен шеттетілді.

 

Өзгелердің жаңалығы