Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қажет болса төтенше жағдай кезінде әйелдер де әскери жиынға шақырылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР қарулы күштері бас штабы бастығының орынбасары Серік Боранбаев айтты.
Енді қазіргі жағдайда бұл қандай міндет қойылғанына байланысты. Егер әйелдер қажет болса жергілікті әкімдіктердің оған құқығы бар. Мұнда шектеу жоқ деп санаймын. Барлығы әкімдіктің өкілеттігінде. Егер оларға тиісті мамандықтар бойынша әйелдер қажет болса, ола әскерге шақырылуы мүмкін, - деді Серік Боранбаев.Оның айтуынша, арнайы жасаққа алынғандардың төлемдері келесі айдың алғашқы 10 күнінде төлену керек.
Жиынға шақырылғандар алдымен мединициналық тексерістен толықтай өтті. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы санитарлық дәрігерлер бөлінген. Күнделікті тексеріп тұрады. Сондай-ақ айта кететін жайт, арнаулы жасаққа алынған әскери міндеті бар азаматтарға төлемді жергілікті басқару органдары келесі айдың 10-на дейін төлеуі тиіс. Егер мереке немесе демалыс болса оның алдында ертерек беруге тиіс, - деді штаб басшысының орынбасары.
Айта кетейік, Қазақстан президентінің әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру туралы қаулысы 2 сәуірде жарияланды.