Ясауи кесенесінде гид-нұсқаушылар қызмет көрсетеді

14 Қазан 2019, 23:36
2643
Бөлісу:
Ясауи кесенесінде гид-нұсқаушылар қызмет көрсетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялауына байланысты Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде «Ask Me, I am local» жобасы іске қосылды, деп хабарлады Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жобаға қатысатын еріктілер келуші қонақтар мен туристерге гид-нұсқаушы қызметін көрсететін болады.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен қолға алынған жобаның басты мақсаты - Түркістанға келген туристерді сапалы әрі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету және студент жастарды алдағы уақытта туризм саласында жұмыс істеуге ынталандыру. 

Қатысушылар біркелкі әдістемемен жасалған ақпаратпен және электр самакатпен жабдықталған. Еріктілер "Әзірет Сұлтан" қорық-музейіне қарасты аумақта қызмет атқаратын болады. Олар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасы аясында 20 сағатқа – 20 000 теңге немесе 2 академиялық сағатты жабуға мүмкіндігі бар.

Қазіргі таңда, «Ask Me, I am local» жобасына Қожа Ахмет Ясауи атындағы  ХҚТУ-дың  20 студенті ерікті түрде қатысуда, алдағы уақытта еріктілер санын 3 есе арттыру жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы