Ялтада қалың нөсерден бір жылға жететін су қоры жиналды

21 Маусым 2021, 19:29
2508
Бөлісу:
Ялтада қалың нөсерден бір жылға жететін су қоры жиналды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырымда екі күн бойы толассыз құйған нөсер салдарынан бес айлық жаңбыр мөлшері бір-ақ жауған. Осылайша, Ялтаның су қоймасына бір жылдық су қоры жиналды, деп хабарлайды Корреспондент.net сайты.

Қалың жаңбырдан жергілікті су қоймасындағы  су деңгейі бірден бір жылдан артық уақытқа жететін мөлшерге көтерілді. 

Күрделі климаттық жағдайларға байланысты бүкіл Үлкен Ялтаның жылдық қажеттілігін жабатын 24,5 млн куб метрді құрайтын су қоры жиналды, - дейді қала әкімдігі.

Қалада қолайсыз ауа райынан кейін сумен жабдықтау жүйесін түзету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Су арнасы қалалық су құбыры жүйесіндегі қысымның ұлғайып кетпеуін қадағалауда. 

Табиғат «ерке мінезін», әсіресе, Қырымның оң жағалауындағы Ялтаға көрсетті. Ол жерде 135 мм-ден асатын жаңбыр жауған. Соңғы рет мұндай күрделі жағдай тәулігіне 190 мм-ден астам нөсер болған 1922 жылы болған көрінеді.

Өзгелердің жаңалығы