Ядролық державалар бірлескен мәлімдеме жасады

4 Қаңтар 2022, 19:38
1513
Бөлісу:
Ядролық державалар бірлескен мәлімдеме жасады

Алматы, BAQ.KZ.  Ядролық қаруға ие бес мемлекет – АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания және Франция басшылары ядролық соғыс пен жаппай қару шығаруға жол бермеу жөнінде бірлескен мәлімдеме жасады. Бұл туралы «Хабар 24» жазды.

Мәтінінде «Ядролық соғыста жеңімпаз болмайды және ол ешқашан басталмауы тиіс» делінген.

Бұл құжат бүгін Нью-Йоркте жұмысын бастауы тиіс болған Ядролық қаруды таратпау Келісімі жөнінде конференцияның ашылуына дайындалған.

Жиын кейінге шегерілген. Сондықтан бес алпауыт елдің басшылары өз мәлімдемесін жариялауды ұйғарды. Ол Ақ үй, Кремль, Елисей сарайы және Қытай сыртқы істер министрлігінің сайттарында жарық көрді.

Өзгелердің жаңалығы